Атырау облысында Каспий жағалауындағы батпақта қамыс жанып жатыр

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында Каспий жағалауындағы батпақта қамыс жанып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Құрманғазы аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау майоры Т.Сансызбаевтың айтуынша, Мақаш, Теңіз ауылдық округтерінің аумағына барлау жасалған. Соның нәтижесінде аталған ауылдық округтердің аумағынан шамамен 50-60 шақырым қашықта қамыстың жанып жатқаны анықталған.

«Каспий теңізінің жағалауына таман сулы, батпақты жердегі қамыс жанғандықтан, оған қайықпен, не өзге көлік құралдарымен бару мүмкін емес. Бірақ, қамыс өртінен елді мекендерге ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Қамыстың жануына қатысты ақпарат есепке алу кітабына өртке жатпайтын жану оқиғасы ретінде тіркеліп отыр» -дейді Т.Сансызбаев.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында гараждағы екі көлік өртеніп , шетелдік азамат күйіп қалғанын хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар