Атырау облысында Каспий итбалықтарының санағы жүргізіледі

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында Каспий итбалықтарының санағы жүргізіледі. Олардың саны соңғы рет 6 жыл бұрын анықталған болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Итбалықтардың популяциясын есептеу үшін, әуеден түсірілім жасайтын кешені бар ұшақ-зертхана жұмылдырылады. Бұл кешенге тепловизор, фотоаппараттар, бортта орнатылған аспаптық және визуалдық ақпараттың автоматтандырылған жүйесі кіреді. Зерттеуге негіз ретінде қазіргі кезде ресейлік зерттеушілердің Балтық теңізіндегі итбалықтарды зерттеу кезінде қолданатын әдістемесі алынған», - деп хабарлады «Норт Каспиан оперейтинг компани» баспасөз қызметінен.

Жұмыстарға итбалықтарды зерттеумен айналысатын ресейлік және қазақстандық ғалымдар, сондай-ақ Микробиология және вирусология институтының, Қазақстандық қолданбалы экология агенттігінің қызметкерлері қатысады.

Авторы: А.Соколов

Соңғы жаңалықтар