Атырау облысында кәсіпкерлерді қолдауға 4,9 млрд теңге бөлінген

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Биыл Атырау облысында кәсіпкерлерді қолдауға 4,9 млрд теңге көлемінде қаражат бөлінген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов жергілікті кәсіпкерлермен кездесуде мәлім етті.

Кездесуде бизнесті қолдау мен қорғау бағытындағы өзекті мәселелерді талқыланды.

Аймақ басшысы алдымен шағын көрмеге қойылған көлік дөңгелектерін қайта өңдейтін «New Eco City» ЖШС, жылына 40 млн медициналық маска шығаратын «Доктор Хаус» ЖШС, жылына 10 мың тонна жуу құралдарын өндіретін «MАGICan» ЖШС, жылына 20 тонна антисептик өнімдерін шығаратын «SARI Suppliers» ЖШС, жылына 600 мың кг сүт өнімдерін өндіретін «Өз сүт» ЖШС өнімдері мен тауарларымен танысты.

Бұдан соң бизнес саласы өкілдерімен әңгімелесіп, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға әрқашан басымдық берілетінін алға тартты.

«Президент тапсырмасына сәйкес, «Бизнеске арналған үкімет» жобасы жүзеге асырылды. Қазір кәсіпкерлерге бір ғимарат ішінен бірнеше қызмет түрін көрсету, бизнеске қатысты ақпараттық-түсінік, кеңес беру мүмкіндігіне қол жеткізілді. Жыл сайын облыста жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің саны артып келеді. Осы салада жұмыспен қамтылғандар саны 127,2 мың адамды құрады»,- деді Махамбет Досмұхамбетов.

Мемлекеттік бағдарламалар және қабылданып жатқан шаралар кәсіпкерліктің дамуына оң серпін беріп отыр. Биыл осындай мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар шеңберінде кәсіпкерлерді қолдауға 4,9 млрд теңге көлемінде қаражат бөлініп, 5 мыңға жуық кәсіпкерлік субьектісі көмек алды. Нәтижесінде 3371 жұмыс орны сақталып, жаңадан 680 жұмыс орны құрылмақ.

Экономиканы тұрақтандыру және бизнесті қолдау үшін салықтық ынталандыру мақсатында өңірде алдын-ала талдау жүргізілген. Нәтижесінде жекелеген санатқа кіретін 20 833 кәсіпкерлік субъектісіне 5,8 млрд. теңге көлемінде салықтық жеңілдіктер қарастырылған.

Жыл басынан бері мемлекеттік органдар мен қаржы институттары өкілдерінің қатысуымен облыста 300-ге жуық қатысушысы бар 7 кездесу өткізілген.

Еск сала кетелік, бұған дейін экспорт көлемі 758 млн долларға жеткен еді.

https://kaz.inform.kz/news/atyrau-oblysynda-eksport-kolemi-758-mln-dollarga-zhetti_a3733085


Соңғы жаңалықтар