+7 (701) 759 90 19
USD 425.07 EUR 494.14
RUB 6.06 CNY 66.55
Jańalyqtar

Атырау облысында қарасора өсіретін плантацияның көзі жойылды

2021 жылғы 28 қыркүйек 03:34
Бөлісіңіз:
Атырау облысында қарасора өсіретін плантацияның көзі жойылды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында қарасораның 507 бұтасы өсірілген плантация жойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылордада аса ірі көлемде синтетикалық есірткіні таратып жүрген тұрғын қолға түсті Жамбылда есірткі дайындап сатумен айналысқан қылмыстық топ қолға түсті Жамбыл облысының 54 жастағы тұрғынынан ірі көлемде есірткі тәркіленді

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қарасора плантациясы 19 қыркүйекте Ұлттық қауіпсіздік комитеті Атырау облысы бойынша департаментінің қызметкерлерімен бірлесе өткізілген «Қарасора-2021» жедел профилактикалық іс-шарасы кезінде анықталған.

«Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының шекаралас аумағында орналасқан орман алқабында қарасораға ұқсас өсімдіктер өсірілген. Сараптамаға сәйкес заңсыз егілген өсімдіктің 507 бұтасы қарасора екені дәлелденді. Плантацияда есірткі қурайларын отап, өртеу арқылы толықтай жойылды. Қазір аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 300-бабының 2-бөлігімен (Құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру) тергеу амалдары жүргізіліп жатыр» - дейді департамент бастығы, полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда 24 млн теңгенің есірткісін сатпақ болған діни ағым өкілдері ұсталғанын, кейіннен велосипедпен 1,1 млн теңгенің есірткісін тасымалдаған ер адам қолға түскенін хабарлаған едік.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT