Атырау облысында карантин шектеу шаралары күшейтіледі

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында карантин шектеу шаралары күшейтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы облыстың бас санитар дәрігері Мәдениет Танауовтың жаңа қаулысында айтылған.

«Атырау облысының аумағында эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін шаруашылық немесе өзге де қызметтерге және халықтың тыныс-тіршілігіне айрықша талаптармен шектеу шаралары енгізілсін. Шектеу іс-шараларының режимі мен мерзімдері облыс аумағында COVID-19 коронавирус инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін», - делінген құжатта.

Қаулыға сәйкес, көпшілік іс-шараларды (мерекелік, ойын-сауық, көпшілік мәдени, спорт, білім беру іс-шаралары, көрме, корпоратив, форум, конференция, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шаралары (банкет, үйлену тойы, мерейтой, еске алу және т. б.), оның ішінде үйде және жаппай адамдар жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге, барлық ойын-сауық объектілерінің, банкет залдарының, жабық орынжайдағы балалар ойын аландары мен аттракциондардың (ауладағыны қоспағанда), батуттардың, түнгі клуб, караоке, компьютер және ойын клубтарының, қорқор, бильярд, боулингтердің, букмекерлік кеңселердің, мерекелерді ұйымдастыру бойынша қызмет көрсетудің, меншік нысанына қарамастан мектепке дейінгі балалар мекемелерінің (кезекші топтарды қоспағанда), мәдени нысандардың, жеке, топтық дайындықтарды қоса алғанда кинотеатрлардың, театрлардың, концерт залдарының қызметіне тыйым салынып отыр.

Жаңа 2021 жылғы 29 наурыздан сағат 00:00-ден бастап заңды күшіне енеді.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда 82 адам коронавирус жұқтырып, 81 науқас сауығып шыққанын хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар