Атырау облысында қар құрсауынан 1 жасар баласы бар ерлі-зайыпты құтқарылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысының Қызылқоға ауданында қар құрсауынан 1 жасар баласы бар ерлі-зайыпты құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, кеше 13 қаңтарда Аққора елді мекеніне қатынайтын жолда жеңіл көлік қарға батып қалған.

«Бұл туралы хабар сағат 16:49-да түсті. Аудан орталығы – Миялы ауылынан 5 шақырым жерде жеңіл автокөлік қарға батып тұрған автокөлікте үш ажам бар. Рульде 36 жастағы ер адам, салонда оның 1990 жылғы әйелі мен 1 жасар баласы болған. Шақырту орнына №10 өрт сөндіру бөлімі мен жергілікті атқарушы орган қызметкерлері жедел жетіп, отбасы мүшелерін эвакуациялады. Жеңіл автокөлікті қардан шығарылып, Аққора ауылына жеткізілді. Отбасы мүшелері медициналық көмекке жүгінген жоқ», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Авариялық-құтқару операциясына №10 өрт сөндіру бөлімінен 2 қызметкер мен 1 техника, жергілікті атқарушы органның 2 қызметкері жұмылдырылды.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында 66 жастағы ер адам жоғалып кеткенін хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар