Атырау облысында қанша балық қырылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында мамыр басталғалы бері қанша балықтың қырылғаны туралы айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облыстық балық шаруашылығы басқармасының басшысы Артур Сәдібекұлының айтуынша, балық судың таяздығы мен ауаның жетіспеушілігінен қырылған.

«Бесікті ауылы маңындағы Безымянное су жайылмасында 2-9 мамырда 6,8 тонна балық қырылып, 25 тоннадан астамы құтқарылды. Ақтоғай ауылының жанындағы Бақсай каналында 4,6 тонна қаракөз қырылды. Мұнда құтқарылған балықтың көлемі 8,1 тоннаны құрады. Құрманғазы ауданындағы Шарон өзенінде қырылған 700 кило балық жойылды», - деді Артур Сәдібекұлы.

Оның мәліметінше, көктем басталғалы облыстағы 52 су айдынында балықтың уылдырық шашуға кедергісіз кіру үшін тазарту жұмысы жүргізілген.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда 3 тоннадан астам балық құтқарылып, өзенге жіберілгенмен, кейін 2 тонна балық қырылғанын хабарлаған едік.

Соңғы жаңалықтар