+7 (701) 759 90 19
USD 432.23 EUR 506.79
RUB 5.45 CNY 64.44
Jańalyqtar

Атырау облысында қанша бала коронавируспен ауырды

2020 жылғы 22 қыркүйек 13:21
Бөлісіңіз:
Атырау облысында қанша бала коронавируспен ауырды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда балалар коронавирус жұқпасын жеңіл түрде өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Өткен тәулікте195 адамнан КВИ белгілері бар пневмония анықталды Бір тәулікте 128 адам коронавирус індетінен жазылып шықты Өткен тәулікте 392 адамнан коронавирус анықталды

Пандемия кезінде Атырау облыстық балалар ауруханасында жоспарлы ем алғандар ішінен алпысқа жуық баладан короновирус анықталған.

«Короновирус инфекциясы анықталған алпысқа жуық баланың 18-інде covid-19 симптомы болған. Оның 13-і дер кезінде Атырау облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырылды. Бес бала вируспен қоса туабітті және созылмалы ауруы болғандықтан балалар ауруханасында емделді» деп мәлім етті басқармадан.

Қалған қырықтан астам балада короновирустың симптомсыз түрі болғандықтан, оларды жергілікті емхана дәрігерлері бақылауда ұстады.

Қазіргі уақытта балалардың дені сау, сынама нәтижесі «теріс» көрсетіп отыр.

«Қазір короновирус жұқпасымен ем алып жатқан бала жоқ» дейді Атырау облыстық балалар ауруханасының дәрігері Айгүл Сүндетова.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT