Атырау облысында қанша адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында 230 мыңнан астам адам вакцинаның I компонентін салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, кеше, 7 қазанда 653 адам коронавирус инфекциясына қарсы вакциналардың I компонентін ектірген.

«Биылғы 1 ақпаннан 7 қазанға дейінгі аралықта атыраулық 230 263 адам вакциналардның I компонентін салдырды. Ал, вакциналардың II компонентін ектірген адамдардың саны 196 262-ге жетті» -деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметінен.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысы «жасыл» аймаққа өткенін жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар