Атырау облысында қамыс арасына жасырылған үш жүрдек қайық тәркіленді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында «Бекіре-2021» балық қорғау акциясы аясындағы рейд кезінде қамыс арасына жасырылған үш жүрдек қайық тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облысында 18 мамырда құрамында балық қорғау, полиция, шекара қызметі, табиғат қорғау прокуратурасының қызметкерлері бар мобильді топ рейдтік іс-шара өткізді. Іс-шара кезінде Каспий теңізінің солтүстік бөлігінің жағалауындағы Исатай ауданының Жанбай, Зинеден елді мекендері қамтылды. Рейдке тікұшақ пен жылдам жүретін катерлер жұмылдырылды.

​«Теңізге таяу орналасқан Жанбай ауылының маңындағы қамыс арасынан табылған

«Ямаха-200» аспалы моторы бар «Байда» үлгісіндегі үш жүрдек қайық тәркіленіп,

Атырау қаласындағы айып тұрағына жеткізілді. Аталған дерекке қатысты полиция қызметкерлері ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 512-бабымен

(Қазақстан Республикасының аумақтық суларының (теңізінің) және ішкі суларының

режимдерін бұзу) әкімшілік хаттама толтырды. Жинақталған іс-құжаттары жүзу құралдарының иелерін анықтау үшін көліктік бақылау инспекциясына жіберілді» -деп хабарлады Балық шаруашылығы комитетінің баспасөз қызметі.

Осы кезге дейін Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарының аумағында балық қорғау акциясы аясында 1000-нан астам құқық бұзушылық анықталған. Ал, заңсыз айналымнан 30 тоннадан астам балық, оның ішінде 4,5 тоннадан астам бекіре тұқымдас балық түрлері алынған. Құқық бұзушыардан 3,5 мың түрлі аулау, сондай-ақ, 80 жүзу және көлік құралы тәркіленген.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында 812 келі бекіре тәркіленгенін

хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар