Атырау облысында кәмелет жасқа толмаған жасөспірім көлік жүргізген

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында көлік жүргізген жасөспірім ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жылыой аудандық полиция бөлімі жедел басқару орталығының бейнебақылау инспекторы Г.Аралбай Құлсары қаласының көшесінен «Hyundai Solaris» автокөлігін назарға алған. Сөйтіп, жүргізушісінің қауіпсіздік белдігін тақпағанын анықтады.

«Аталған құқық бұзушылық туралы жедел хабар алған патрульдік полиция взводының қызметкерлері көлікті тоқтатты. Тексеру кезінде көліктің руліне кәмелет жасқа толмаған, яғни 2003 жылы туған жасөспірім болып шықты. Көлік жүргізу құқығы жоқ 17 жастағы баланың ата-анасына ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 612-бабы 2-бөлігімен және 593-бабы 2-бөлігімен тиісті әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды» -деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Еске сала кетсек, бұдан бұрын Атырауда көлігіне жалған нөмір таққан 24 жүргізуші жазаланғанын хабарлаған болатынбыз.




Соңғы жаңалықтар