Атырау облысында халық санағынан 665 360 адам өтті

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында ұлттық халық санағынан 665 360 адам өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыс әкімінің орынбасары Нариман Таушовтың мәлім етуінше, өңірде ұлттық халық санақтың негізгі жұмысы 7 қарашада аяқталған.

«Атырау облысы бойынша халық санағынан өткен тұрғындардың саны 665 360 адамды құрады. Бұл – ағымдағы есепте тұрған тұрғын санынан 0,2%-ға жоғары. Себебі, биылғы 1 тамызда облыс тұрғындарының саны 663 990 адамды құраған. Өңірде 297 839 адам немесе

облыс тұрғындарының 45%-ы санақтан онлайн режимде өтті. Ал, офлайн режимінде өткендердің саны 367 521 адамды немесе тұрғындардың 55%-ын құрады. Енді халық

санағының дерегін өңдеу басталады», -дейді Нариман Таушов.

Оның айтуынша, қалалық және ауылдық жерлердегі халықтың саны мен жыныстық құрамы туралы статистикалық деректер желтоқсан айында жарияланады.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында халық санағаынан өткендер саны 550 мыңнан асқанын хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар