+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Атырау облысында халық санағын жүргізуге 168,8 млн теңге бөлінді

2021 жылғы 8 маусым 13:57
Бөлісіңіз:
Атырау облысында халық санағын жүргізуге 168,8 млн теңге бөлінді

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында халық санағын жүргізуге 168,8 млн теңгебөлінген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Атырау облысында коронавирус жұқтырғандар саны күрт төмендеді Атырау студенттері мұнай өнімдерінің қалдығынан түрлі киім тікті Атырау облысында вакцинаның І компонентін 250 мыңға жуық адам салдырды

Атырау облыстық статистика департаментінің басшысы Галя Мұханғалиеваның мәліметінше, өңірде халық санағын өткізу үшін республикалық бюджеттен 193 млн теңгеден астам қаржы қарастырылған.

«Биыл аталған қаржының 168,8 млн теңгесі бөлінді. Оның 146,6 млн теңгесі санақ персоналына жалақы ретінде төленеді», -дейді Галя Аманғалиева.

Оның айтуынша, облыста халық санағын жүргізетін персональ құрамына 207 адам тартылған. Олар жеке қорғаныш құралдарымен қамтылған.

«Атырау қаласы әкімдігі ұлттық халық санағын жүргізетін адамдарға қолдау көрсеткелі отыр. Бұл – санақшылардың шаһар аумағында қатынайтын қоғамдық көліктерде тегін жүру жеңілдігі» - дейді Г.Аманғалиева.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT