Атырау облысында гидропонды кешен іске қосылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысының Махамбет ауданында ірі қара үшін жасыл масса өсірілетін гидропонды кешен іске қосылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Кешен тәулігіне шамамен 10 тонна жасыл масса шығару қуатына ие. Мұнда себілген арпа гидропоникалық әдіспен белгілі бір температурада көктетіледі. Бұл өте аз шығын қажет ететін технология, дегенмен көктету кезінде арпаның массасын 14 есе арттыру мүмкіндігін береді», - дейді «Первомайский» ЖШС сүт-тауар фермасының директоры Есболат Есқариев.

Фермерлердің сөзіне қарағанда, жасыл массамен азықтанған сиырдың сүті шамамен үш есеге артады.

Соңғы жаңалықтар