Атырау облысында газ өңдейтін зауыт құрылысына 1 млрд 250 млн доллар инвестиция салынбақ

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысындағы Ескене кентінің маңында бой көтеретін газ өңдеу зауытының құрылысына 1 млрд 250 млн доллар инвестиция салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы тұрғындар алдында онлайн-режимде есеп берген Мақат ауданының әкімі Шәкір Кейкин мәлім етті.

«Ескене кентіне таяу жерде жылына 1 млрд текше метр газды кешенді дайындау зауытының құрылысын жүргізу жоспарланып отыр. Жобаның құны 1 млрд 250 млн долларды құрайды. Каспий теңізіндегі «Қашаған» кен орнының газын өңдейтін нысанның құрылысын «GPC Investment» ЖШС жүргізеді. Зауыт құрылысы биыл басталып, 2023 жылы аяқталады. Құрылысты жүргізу кезінде 3000-ға жуық адам жұмыспен қамтылады. Ал, зауыт пайдалануға берілген соң 450 адам тұрақты жұмысқа орналасады», - деді Мақат ауданының әкімі Шәкір Кейкин.


Соңғы жаңалықтар