+7 (701) 759 90 19
USD 425.71 EUR 495.53
RUB 5.99 CNY 66.56
Jańalyqtar

Атырау облысында ғарыштық түсіріліммен 484 қоқыс алаңы анықталған

2021 жылғы 1 наурыз 05:25
Бөлісіңіз:
Атырау облысында ғарыштық түсіріліммен 484 қоқыс алаңы анықталған

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысында ғарыштық түсіріліммен 484 қоқыс алаңы анықталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Күршім өзенінің ластануының жаңа фактілері анықталды Елордада ауа сапасы нашарлайды Алматыда рұқсат етілмеген екі ірі қоқыс үйіндісі анықталды

Облыстық экология департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Атырау қаласы мен Махамбет ауданында ғарыштан түсірілген стихиялық қалдықтарды жою жұмыстары жүргізілген.

«Анықталған аумақ шамамен 50 шақырымды құрайды. Қашықтан зондтау арқылы түсірілген ғарыштық түсірілімдер бұған дейін тиесілі әкімдіктерге жолданғанмен, көрсетілген жерлерді толықтай тазартпаған. Сол себептен, Атырау қаласы мен Махамбет ауданы әкімдіктерінің жауапты тұлғалары әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Облыс әкімі бекіткен ғарыштық мониторинг нәтижелерімен анықталған стихиялық қоқыс орындарын жою бойынша кесте жасақталды. Қазір 484 қалдық орны толықтай жойылды» - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда қоршаған ортаға 1 млрд теңгенің залалы келгені жазылған еді.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT