Атырау облысында электр энергиясы өшіп қалды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысында электр энергиясы өшіп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Атырау-Жарық» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, электр қуатын өшіру жергілікті уақытпен 18:30-да басталған.

Атырау қаласындағы шағын аудандар мен қала маңындағы Водников, Кеңөзек, Дамбы, Балықшы, Балауса, Лесхоз, Геолог, Бірлік, Тасқала елді мекендерінде жарық сөніп қалды.

Сондай-ақ, Махамбет пен Индер аудандарында да электр қуатын беру тоқтаған.

«KEGOC желісінде пайда болған ақау салдарынан Атырау қаласының кейбiр ықшамаудандары уақытша жарықтан ажыратылды. Қалыпқа келтіру жұмыстары күшейтілген режимде жүргізілуде. Жарық біртіндеп қосылады» деп хабарлады кәсіпорынның баспасөз қызметінен.

Облыстық аймақтық сайлау комиссиясының мәліметінше, сайлау процесіне электр энергиясын өшіру әсер еткен жоқ.

Сайлау учаскелеріне алдын ала генератор орнатылған.

Соңғы жаңалықтар