Атырау облысында экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған жол картасы бекітілді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында өңірдің экологиялық мәселелерін шешуге бағытталған жол картасы әзірленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің тапсырмасы бойынша, жергілікті атқарушы органдар экология департаментімен бірлесіп, Атырау облысының өзекті деген экологиялық проблемаларын шешуге бағытталған «Жол картасын» дайындап, бекітті. Құжат 40 бөлімнен тұрады және ол Экология министрлігімен келісілген. «Жол картасы» өңірдің қоршаған ортасының сапасын жетілдіруге бағытталған барлық бағыттарды қамтыған. Облыс әкімдігі сонымен қатар облыс орталығының оң және сол жақ бөліктеріндегі кәріздік-тазалау құрылғыларын салу, кейбірін жаңарту және буландыру алаңдарын қалпына келтіру бойынша кешенді шаралар атқаруда. Атырау мұнай өңдеу зауытының баллансындағы 860 мың гектар жер қалпына келтіріледі. Бұдан былай ол жерлерге кәсіпорында пайдаланылған су төгілмейді. Осы мақсатта зауыттың кәріз суларын биологиялық және мехникалық тазалау құрылғыларын жаңғырту көзделіп отыр»,-деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Осыған дейін Атырау олысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов түрлі өндірістерден келетін қалдықтарды қысқарту қарқынды жүріп жатқанын атап өтті.

Авторы: Виктор Сутягин


Соңғы жаңалықтар