Атырау облысында ЭКО кезегінде 722 жұп тұр

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысында 722 жұп ЭКО кезегінде тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ЭКО тәсілімен ұрықтандыратын мекеменің бірі Атырау қаласында да бар. Ал осындай жолмен сәбилі болудан үміттенген атыраулық әйелдердің жасы 24-42-ні құрайды.

«Биыл облыста 37 жұпқа экстракорпоральды ұрықтандыруға квота берілді. Былтыр осындай квота 30 жұпқа алған еді» - деп хабарлады басқармаың баспасөз қызметі.

Еске салсақ, Президент биылғы Жолдауында ЭКО бағдарламалары аясында квота саны көбейетілетіні туралы айтты.
Соңғы жаңалықтар