Атырау облысында екі тәулікте 1 078 адам коронавирус жұқтырды

None
None
АТЫРАУ. ҚащАқпарат – Атырау облысында екі тәулікте 1 078 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 14 тамызда 552, ал, 15 тамызда 526 адам қауіпті вирусқа шалдыққаны анықталған.

«Тек соңғы тәулікте Атырау қаласында 329 науқас тіркелді. Жылыой ауданындағы Теңіз кенішінде – 79, Жылыой ауданында – 65, Махамбетте – 20, Индерде – 11, Исатайда – 8, Қызылқоғада – 5, Мақатта – 5, Құрманғазы ауданында 4 адамнан қауіпті вирустың белгісі табылды. Науқастардың арасында 319 адамда симптомды, ал, 207 адамда симптомсыз түрде өтуде» - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 235 адам жазылып шыққан.

Қазір үй жағдайында емделу үшін 7 633 адам оқшауланған. Ал, аудандардағы инфекциялық стационарларда – 417, Теңіз кенішіндегі стационарда – 376, модульдік ауруханада – 202, №2 облыстық ауруханада – 191 пациент жатыр. Сондай-ақ, облыстық ауруханада – 164, теміржол ауруханасында – 108, кардиологиялық орталықта – 100, фтизиопульманологиялық орталықта – 94, жатақханаларда 130 науқас ем қабылдауда.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында коронавирус жұқтырғандардың 60 пайызы қалада тіркелгенін жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар