+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Атырау облысында деструктивті дінді ұстанушылар 10-нан аса қылмыс жасаған

2020 жылғы 12 мамыр 04:13
Бөлісіңіз:
Атырау облысында деструктивті дінді ұстанушылар 10-нан аса қылмыс жасаған

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысының аумағында деструктивті діни ағымды ұстанушылар 10-нан аса қылмыс жасаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Мәулен Әшімбаев Патриарх Кириллмен кездесті

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жат ағымдағы тұлғалардың бөтеннің мүлкін ұрлау, заңсыз балық аулау, бопсалау, ұрып-соғып, денеге жарақат салу, қасақана ауыр дене жарақатын келтіру секілді қылмыстарға қатысы бар.

«Жыл басынан бері оннан аса қылмысты тергеу барысында олардың жалпы құны 2 млн теңге көлемінде материалдық залал келтіргені анықталды. Сондай-ақ, деструктивті ​ діни ағым ұстанушылары тарапынан төтенше жағдай​ режимін бұзу фактілері де тіркеліп отыр. Әрбір факті бойынша қылмыстық және әкімшілік жаза жүргізілуде», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​

Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық іс-жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT