Атырау облысында демалыс күндері карантин енгізіледі

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында 27-29 маусымда қосымша шектеу енгізіледі. Сәйкес өзгеріс өңірдің бас санитар дәрігерінің қаулысында көрсетілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2020 жылдың 27 маусымы сағат 00:00-ден бастап 29 маусым 00:00-ге дейін Атырау облысының аумағында қосымша шектеу шаралары енгізілсін. Айрықша қажет болған жағдайды қоспағанда, азаматтардың қозғалысына тыйым салынсын. 65 жастан асқан адамдарға көшеге шығуға болмайды. Сауда-ойын-сауық орталықтарының, сауда орталықтарының, азық-түлік және азық-түлік емес базарларының, азық-түлік және азық-түлік емес сауда желілерінің қызметі тоқтатылсын. «Үйде орналасқан дүкендердің» жұмыс уақыты 10.00-ден 20.00-ге дейін жалғасады. Үйге дейін жеткізіп беретін қоғамдық тамақтану орындарын қоспағанда, барлық қоғамдық тамақтану нысандары, фитнес-орталықтар мен басқа да спорттық нысандар, сән салондары, шаштараздар, СПА-орталықтар мен салондар, қоғамдық монша, бассейндер, сауналардың жұмысы тоқтатылады» делінген бас санитар дәрігердің қаулысында.

Облыс орталығының тұрғындарына парктерге, саябақтарға, жағалауларға, жағажайларға және басқа да демалыс орындарына баруға рұқсат етілмейді.

Осы күндері қоғамдық көлік те тоқтайды.


Соңғы жаңалықтар