Атырау облысында дәрі-дәрмектің үш айлық қоры бар

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысында дәрі-дәрмектің үш айлық қоры бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Асхан Байдуәлиевтің мәліметінше, медициналық ұйымдарда қажетті дәрілердің, оның ішінде коронавирусқа қарсы препараттардың жеткілікті қоры жасақталған.

«Атыраудағы дәріханалар желісінде дәрілік заттардың төмендемейтін қорын қамтамасыз ету үшін «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ арқылы аса қажетті 40 түрлі дәрілік заттар сатып алынды. Қазір дәрі-дәрмектің біразы облыстың 164 дәріханасына жеткізіліп, қалғаны тұрақтандыру қорының қоймасында сақтаулы тұр. Облыста дәрі-дәрмектердің 3 айға дейін азаймайтын қоры жасақталды. Бұған қоса, демеушілік көмекпен дәрілік заттардың 9 атауы бойынша дәрі-дәрмек жеткізілді. Медициналық маскалар мен бірреттік қолғаптар да жеткілікті», - деді Асхан Байдуәлиев.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында 224 жасанды тыныс алу аппараттары мен 977 оттегі концентраторы барын жазған едік.



Соңғы жаңалықтар