Атырау облысында дәретханадан табылған нәрестенің жағдайы «орташа ауыр»

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасы көшедегі дәретханаға тасталған нәрестенің және кейіннен табылған оның анасының жағдайын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, 3 қазанда көшедегі дәретханадан табылған шақалақ Индер аудандық ауруханасының босану бөлімінде жатыр.

«Нәрестенің жынысы – ер. Бала ауруханаға түскенге дейін суықтап қалған. Дәрігерлер нәрестенің өмірін сақтап қалу үшін медициналық ем-дом шараларын жүргізді. Қазір баланың жағдайы тұрақты, алайда, орташа ауыр деп бағаланып отыр. Ал, нәрестенің анасы – Индер ауданының 1990 жылғы тұрғыны аудандық аурухананың босанудан кейінгі бөліміне жатқызылды. Қазір жаңа туған шақалақ та, анасы да дәрігерлердің бақылауына алынды. Оларға қажетті емдеу шарасы көрсетіліп жатыр», - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметінен.

Облыстық Полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 119-бабы 1-бөлігімен (Қауіпті жағлайда қалдыру) қылмыстық іс қозғады. Сотқа дейінгі тергеу басталды.

Еске салайық, бұған дейін Атырау облысында көшедегі дәретханадан жаңа туған нәресте табылғанын хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар