Атырау облысында дәмхана иесін соққыға жыққан полицейге үкім шықты

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысы Құрманғазы аудандық соты дәмхана иесін соққыға жыққан полицейге үкім шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2018 жылдың шілдесінде болған оқиға әлеуметтік желіде қызу талқыға түсіп еді. Құрманғазы аудандық ішкі істер бөлімінің майоры Әміржан Ертаев дәмханаға барып, оның иесін балағаттап, артынша ұрған. Сонда болған Құрманғазы АІІБ бастығының орынбасары Жасұлан Мұқашев араша түсудің орнына қоластындағы қызметкердің әрекетін мақұлдаған.

«Майор А. Ертаевқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабына («Бұзақылық») сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Сот тыңдалымынан кейін сотталушы айыпты деп танылып, оған полиция майоры атағынан айыра отырып бір жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы берілді. Әрі жәбірленушіге 232 мың теңге мөлшерінде материалдық және моральдық залал келтіргені үшін өтемақы төлеуге міндеттелді», - деп мәлімдеді облыстық соттың баспасөз қызметі.

Бұған дейін Құрманғазы АІІБ бастығының орынбасары Жасұлан Мұқашев тәртіптік жазаға тартылып, оған ескерту жасалған болатын.




Автор: А. Соколов

Соңғы жаңалықтар