Атырау облысында «Цифрлы ұстаз» байқауының жеңімпаздары анықталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында «Цифрлы ұстаз» байқауының жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңір мектептерінен 25 мұғалім қатысқан байқауды облыс әкімдігінің қолдауымен «Атырау-Ақпарат» ЖШС ұйымдастырды.

«Әлем елдерін әбігерге салған пандемия кезінде жалпы білім беретін орта мектептер мен жоғары оқу орындарының студенттері қашықтан оқуға көшті. Осыған орай ұстаздар цифрлы жүйеге негізделген жаңа технологиямен жұмыс істей бастады. Сол себептен, мектеп мұғалімдерінің цифрлы сауаттылығын арттыру мақсатында байқау ұйымдастырдық.


Алайда, қатысушылардың арасында байқаудың мақсатын түсінбегендер кездесті. Дегенмен, білім беру мен тәрбие ісінің тың тәсілдерін ұсынған үздік педагогтер байқалды», - дейді «Атырау-Ақпарат» ЖШС директоры Ысқақ Егембердиев.

Арнай құрылған қазылар алқасының шешімімен Индер ауданындағы Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қайырбек Кенжәлиев жүлделі І орынды иеленді. Ал ІІ орынға Ж.Қаражігітов атындағы №16 мектеп-лицейінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беретін Раушан Сарғожиева, ІІІ орынға Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің оқытушысы Жауһардария Ерсайынова лайық деп танылды.





Соңғы жаңалықтар