Атырау облысында бюджеттің 3 миллиард теңгесі игерілмей қалған

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында бюджеттің 3 миллиардтан астам теңгесі игерілмеген. Бұл туралы облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметіне сүйенсек, облыстық қаржы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Серік Демегенов бюджет қаражатының игермеудің бірнеше себебін атаған.

​«Бюджеттік бағдарлама әкімшілері қаржыландыру жоспарларын нақты жоспарламайды. Алдын ала талдау жасалмайды. Сонымен қатар, мердігерлер де жұмыс кестесін сақтамайды. Атап айтқанда, қаржыны игермеу құрылыс, ауыл шаруашылығы, ветеринария, денсаулық сақтау, білім беру, кәсіпкерлік, жұмылдыру дайындығы салаларында тіркеліп отыр» - деді Серік Демегенов.

Оның айтуынша, Алмалы ауылының жаңа шағын аудандарына электр желілерін тартуға 305 млн теңге, Атырау қаласының сол жағалауындағы каналицазиялық тазарту қондырғысы құрылысы бөлінген 1​ 293,3 млн теңге, ​ ауыл шаруашылығы басқармасында субсидиялауға байланысты 7,4 млн. теңге игерілмей қалған.

Осыған орай облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов қаржыны игере алмай отырғандарды сын садағына іліп, сұрақтың астына алды. Атырау қаласы мен аудандар әкімдеріне, тиісті басқармаларға нақты тапсырмалар жүктеді.​

«Қаржы сіздердің берген ұсыныстарыңыз бен сұранымдарыңыздың негізінде бөлініп отыр. Сондықтан, қаржыны уақытында әрі тиімді пайдаланып, игеруді тапсырамын» -деді Махамбет Досмұхамбетов.​

Жыл басынан бері облыстық бюджеттің кіріс көлемі 167​ млрд 617,4 млн теңгені құрап отыр. Оның ішінде ​ республикалық бюджет трансферттері 25 млрд 262,7 млн теңге болса, кредиттер ​ 4 млрд 597,6 млн теңгеге жеткен.

Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов барлық деңгейдегі әкімдерге бюджетті жоспарлаған кезде халықтың барлық қажеттілігін мейілінше ескеруді тапсырды. Бюджеттің толық болуы салықтардың және өзге де төлемдердің уақытылы түсіміне байланысты. Сондықтан, бұл мәселеге жауапкершілікпен қарауды жүктеді.


Соңғы жаңалықтар