USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Атырау облысында былтырдан бері 51 975 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған

2021 жылғы 1 желтоқсан 14:58
Бөлісіңіз:
Атырау облысында былтырдан бері 51 975 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында былтырдан бері 51 975 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. Бұл деректі облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Фейк: «ПТР тестілері COVID-19 диагнозын қоюға жарамсыз» Германияда коронавирусты жұқтырудың ең жоғары көрсеткіші тіркелді Алматыда коронавирус жұқтырған 1,4 мың адам ауруханада жатыр

Бақытгүл Хаменованың мәлім етуінше, Атырау облысының «жасыл» аймақта өткеніне үш аптадан асқан.

«Бірақ, босаңсуға болмайды. Коронавирус инфекциясының қауіптілігі сонша, бұл науқасты өте ауыр жағдайға түсіреді. Оны жұқтырған адам кез-келген уақытта өмірден өтіп кетуі мүмкін. Сондықтан, облыс басшылары өңірдегі эпидемиялық ахуалды қатаң бақылауында ұстап отыр. Қазір Атырау облысында инфекциялық ауруханада төсек-орын саны жеткілікті, дәрі-дәрмек қоры бар. Біздің өңір коронавирус инфекциясына қатысты кез келген жағдайды реттеуге дайын» - деді Бақытгүл Хаменова.

Оның айтуынша, қауіпті вирустың алғашқы дерегі тіркелгеннен бері Атырау облысында 51 975 адам коронавирус жұқтырған. Оның ішінде 51 088 науқас коронавирус инфекциясынан сауығып шыққан.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында коронавирус жұқтырғандар саны күрт төмендеген болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT