Атырау облысында былтыр туу көрсеткіші 10 пайызға артқан

Фото:
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында былтыр туу көрсеткіші 10 пайызға артқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиевтің мәліметінше, жүкті әйелдердің 53 пайызы облыстық перинаталдық орталықта босанады.

«Мәселен, былтыр емделу көрсеткіші 11,3%, босану 10,4%, оның ішінде мерзімінен бұрын босану 10,3%-ға өсті. Соңғы 3 жылда перинаталдық орталық үшін құрал-жабдықтар сатып алуды қаржыландыру артты. Жергілікті бюджеттен 2019 жылмен салыстырғанда 1,5 есе көп қаржы бөлінді. Биыл аталған орталыққа заманауи көліктік кювез сатып алу жоспарланып отыр. Бұл жаңа туған нәрестелерді перинаталдық орталыққа жеткізу кезінде эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», -дейді Асхан Байдуәлиев.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда 8 наурызда 18 сәби өмірге келгенін хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар