Атырау облысында былтыр 3,8 млн мемлекеттік қызмет көрсетілген

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында былтыр 3,8 млн мемлекеттік қызмет көрсетілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облыстық әкімдігі мемлекеттік қызмет көрсету мәселелерін үйлестіру бөлімінің басшысы Тұраргүл Ізбасова мәліметіне сүйенсек, көрсетілген мемлекеттік қызметтің 97 пайызын электронды түрі құраған.

«Былтыр облыста 3 804 723 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде мемлекеттік органдар арқылы қағаз түрінде көрсетілген 59 339 қызмет бар. Тұрғындар «Азаматтар үшін үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы 55 373 қызмет алды. Ал, «Электрондық үкімет» веб-порталы мен мемлекеттік органның ақпараттық жүйесі арқылы электронды түрдегі қызмет 3 690 011-ді құрады. Бұл – барлық көрсетілген қызметтің 97 пайызы», -дейді Тұраргүл Ізбасова.

Оның айтуынша, өткен жылы 39 заң бұзушылық дерегі тіркелген.

«Талдау кезінде құжаттар тиісті ақпараттық жүйелерде мерзімінде өңделмегені анықталды. Заң бұзушылық Логин мен құпия сөзді уақытылы алмау, электрондық цифрлық қолтаңбаны дер кезінде ауыстырмау, жауапты мамандардың біліктілігі арттырылмағандықтың салдарынан орын алған. Мемлекеттік органдар мамандарының электронды түрде түскен құжаттар айналысына айналысына немқұрайлы қарау салдары да себеп болып отыр», -дейді ол.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын былтыр Атырау облысында 8,5 трлн теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілгенін жазған едік.


Соңғы жаңалықтар