Атырау облысында бұрын полигон болған жерлер мал жайылымына айналды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атыраулық шаруалар бұрын әскерилердің иелігінде болған Тайсойған полигонын игере бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Хабар 24 агенттігіне сілтеме жасап.

Жыл басынан бері Қызылқоға ауданынан 41 жеке тұлға 90 мың гектар жер телімін алып, іске кірісті. Жалпы, әскерилерден 625 мың гектар жер қайтарылған болатын. Суы тұщы, шабындығы шұрайлы Тайсойған өңірі мал бағуға өте қолайлы. Қызылқоға ауданында бірыңғай мал өсірумен айналысатын 226 шаруа қожалығы мен 7 жауапкершілігі шектеулі серіктестік бар. Олар жайылымның тапшылығынан зардап шегіп келген. Көп жылдар бойы әскерилердің қарамағында болған полигон енді шаруаларға қызмет етпек.

«Осы желтоқсан айында ауыл шаруашылығы жерлеріне конкурс жариялап отырмыз. Соған 8 мың гектар жер телімін шығардық. Егер де ауыл шаруашылығын дамытамын, мал өсіремін деген адамдар болса, сол конкурсқа қатысуға болады. Бар жағдайда біз қолдаймыз», - дейді Қызылқоға ауданының әкімі Арман Бәженов. 

Соңғы жаңалықтар