Атырау облысында бұралқы иттерді жоюға 25 млн теңге бөлінген

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында бұралқы иттерді жоюға 25 млн 392 мың теңге бөлінген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Нұркен Бояровтың мәліметіне сүйенсек, жыл басынан бері бұралқы иттерді жоюға 1 035 тұрғыннан өтініш түскен.

«Биыл бұралқы иттерді аулау, жою жұмыстарына 25 млн 392 мың теңге бөлінді. Бұл қаржы еңбекақыға, техникалық қызмет пен бұралқы иттерді жою жұмыстарына жұмсалады. Осы кезге дейін бөлінген қаржының 17 771 700 теңгесі игеріліп, 4 587 бұралқы ит жойылды. Қалған қаржыға 2 600 бұралқы итті жою көзделіп отыр. Бір итті жою бағасы 1452 теңгені құрайды. Қазір Атырау қалалық ветеринария стансасының штатында 3 бригада аңшылары жұмыс тұрғындардың шағымына байланысты бұралқы иттерді жою жұмысын жүргізеді» - дейді Нұркен Бояров.

Оның айтуынша, жыл басына бері 323 адамды бұралқы иттер қапқаны анықталған.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда жыл басынан бері 38 адамды ит қапқанын хабарлаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар