Атырау облысында биылғы үш айда 52 өрт тіркелді

Фото:
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында биылғы үш айда 52 өрт тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Назымбек Балтабековтің мәліметінше, өрттен 1 адам қайтыс болған.

«Өрттің тұтануына электр құралдарын монтаждау мен техникалық пайдаланудың пешті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларының бұзылуы, отты абайсыз пайдалану негізгі себебі болып отыр. Әсіресе, тұрғын үй секторында 26 өрт болды. Оның ішінде жеке секторда 18, автокөлікте 17 өрт тіркелді. Төрт адам газ плитасын қосу кезінде улы газға уланды», -дейді Назымбек Балтабеков.

Осы кезеңде 89 нысанға тексеру жүргізілген. Тексеру кезінде өрт қауіпсіздігі талаптары бұзылған 401 дерек анықталған. Кінәлілерге 85 әкімшілік жаза қолданылған.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда өртенген пәтерден 46 жастағы ер адамның мәйіті табылғанын жазған едік.


Соңғы жаңалықтар