Атырау облысында биыл 5 мектеп пен 3 балабақша пайдалануға беріледі
«Қазіргі уақытта облыста 12 мектеп үш ауысыммен жұмыс істейді. Бұл мектептерде 23 992 оқушы білім алады. Аталған мәселені шешу үшін 3 000 орындық 4 мектептіңқұрылысы жүргізіліп жатыр. Сонымен бірге, 1 800 орындық 3 мектеп салу жоспарланып отыр. Бес апатты мектептің біреуінің құрылысы 2020 жылы, екі осындай мектептің құрылысы 2022 жылы аяқталады. Тағы осындай екі мектептің құрылысы жоспарлануда», -деді облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов.
Әкімнің айтуынша, биыл 5 мектеп пен 3 балабақша пайдалануға беріледі. Ал, алдағы жылы 5 мектеп пен 2 балабақшаның құрылысы аяқталады.
Атырау облысында балаларды балабақшамен қамтуда да ілгерілеу бар. Бүгінгі таңда 1-6 жастағы балаларды балабақшамен қамту 65 пайызды, 3-6 жастағы балаларды қамту 100 пайызды құрады.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында 470 мұғалімнің жетіспейтіні белгілі болды.