Атырау облысында биыл 16 ана өлімі тіркелген

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында жыл басынан бері 16 ана өлімі тіркелген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, Израиль елінің дәрігерлері екі апталық шеберлік сағатын бастады.

«Атырау облысында биылғы 9 айда ана өлімінің 16 дерегі тіркелді. Оның ішінде 12 ана коронавирус пандемиясы кезінде көз жұмған. Осыған байланысты шетелдік дәрігерлердің шеберлік сағатын ұйымдастыру қолға алынды. Құрамында акушерлер мен гинеколог мамандар бар дәрігерлер екі апта облыстық перинаталдық орталықтың пациенттеріне, сондай-ақ, модульдік аурухананың инфекциялық стационарында жатқан жүкті әйелдерге кеңес береді. Босандыру кезінде көрсетілетін шұғыл ем-домға талдау жүргізіп, клиникалық жағдайлардан шығу жолын жергілікті дәрігерлермен бірге талқылайды» -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Израильдегі медицина мамандарының біліктілігін арттыру орталығының жетекшісі Наталья Мелехтің айтуынша, шеберлік сағатында күнделікті жұмыста көмектесетін тәжірибелік дағдыларды бірлесіп іске асыру көзделген.

«Мұндай тәжірибе аймақтағы ана өлімінің төмендеуіне әсер етеді деп үмітенеміз. Жергілікті мамандардың жұмысын барынша жүйелеуге тырысамыз. Атыраудағы жұмыс сапарымыздың аясында өзге де медициналық мекемелердегі шұғыл жағдайға бірлесіп көмек көрсетуге дайынбыз», - дейді Наталья Мелех.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда елордалық дәрігерлер 5 бала ота жасап, 300-ге жуық кеңес бергенін жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар