Атырау облысында бірреттік шприцтер халыққа тегін таратылуда

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысында тұрғындарға бірреттік шприцтер тегін таратылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жалпы саны 2 млн дана шприцті тегін береміз. Ал, 500 мың данасын ертеңнен бастап таратамыз. Қызылқоға ауданында әр адамға 10 данадан, барлығы 300 мың дана береміз. Қолдан келгені осы», - деп жазды «Брандо» ЖШС-нің құрылтайшысы Махмут Мералиев әлеуметтік желідегі парақшасында.


Кәсіпкер бұған дейін Қызылқоға аудандық ауруханасына 1 млн 345 мың теңгенің дәрі-дәрмегін, 1 млн теңгенің оттегі баллонын алып берген. Сондай-ақ, ауруханадағы 10 пациенттің әрқайсысына материалдық көмек көрсеткен.

Бүгін, 1 шілдеде кәсіпкер ұсынған бірреттік 500 мың шприцті волонтерлер Атырау қаласының тұрғындарына тегін таратты. Бір адамға –15 дана шприцтен. Енді олар қала маңындағы 7 ауылдық округ тұрғындарына да тегін таратуды көздеп отыр.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда кәсіпкерлер облыстық ауруханаға 2 жасанды тыныс алдыру аппаратын сыйлады.

«Брандо» ЖШС шприцтер өндірісімен айналысады.


Соңғы жаңалықтар