Атырау облысында бір жылда полицияға 840 әйел арызданған

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында бір жылда полицияға 840 әйел арызданған, деп хабарлады ҚазАқпарат.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, былтыр отбасында зардап шеккен 840 әйелден арыз түскен. Сондай-ақ, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 73-бабымен (Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) 1318 әйелге қатысты жасалған құқық бұзушылық анықталған.
«Былтыр ішкі істер органдарының қызметкерлері «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйел адамдарға көмек көрсету» бөлімшесіне 79 адамды орналастырды. Оның ішінде 25 әйел 54 жасөспірім бар. Қазір аталған бөлімшеде 4 әйел адам мен 8 жасөспірім тұрып жатыр. Аталған бөлімшеден 450 (116 заңгерден, 55 психологтан және 279 әлеуметтік қызметкерден) әйел адам құқықтық кеңес алды» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ, ҮЕҰ өкілдері мен волонтерлердің қатысуымен тұрғындар арасында тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарының әрекет ету алгоритмін түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Полицейлер «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйел адамдарға көмек көрсету» бөлімшесінен шыққан адамдардың тұрмыстық жағдайын тексеру үшін локальды-рейдттік іс-шаралар өткізілген.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда отбасындағы кикілжіңнен соң 7 жасөспірім үйінен кетіп қалғанын хабарлаған болатынбыз.
- 22 жастағы қарағандылық Telegtam арқылы есірткі сатушы болып орналасқан
- ҚР ІІМ Риддердегі бала өлімінен кейін халыққа үндеу жасады
- Қызылордада пышақ жарақатымен ауруханаға 16 жастағы жасөспірім түсті
- Шығын 500 млн теңге: Қылмыстық топтан ақбөкеннің 293 дана мүйізі тәркіленді
-
Қырғызстанда 27 жастағы қыздың өлімі: Милицияның 43 қызметкері жауапқа тартылды
-
Шығын 300 млн теңге: Елордада екі қаржы пирамидасы анықталды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам