+7 (701) 759 90 19
USD 427.15 EUR 519.12
RUB 5.96 CNY 66.84
Jańalyqtar

Атырау облысында бір отбасының 4 адамын қаққан жүргізуші ұсталды

2021 жылғы 10 маусым 21:53
Бөлісіңіз:
Атырау облысында бір отбасының 4 адамын қаққан жүргізуші ұсталды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында бір отбасының 4 адамын қаққан жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Атырауда шетелдік бойжеткеннің 3 100 долларын ұрлаған күдікті ұсталды Атырауда «Гаухартас» тұрғын үй кешені өртенді Теңіз кенішінде автобус пен пикап соқтығысты

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жол-көлік оқиғасы 31 мамырда Мақат ауданындағы Доссор кентінде болған.

«Түнгі сағат 01:10 шамасында 1988 жылы туған жүргізуші «Toyota Sequoia» көлігімен жолдан өтпек болған 1988, 1996, 2014, 2020 жылдары туған төрт жүргіншіні қағып кеткен. Алайда, жүргізуші оқиға орнынан бой тасалаған. Осы жол-көлік оқиғасына байланысты жүргізілген жедел іздестіру-тергеу амалдарының нәтижесінде күдікті анықталып, ұсталды. Қазір күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде» -дейді облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда автобус қаққан жаяу жүргінші көз жұмғанын хабарлаған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT