Атырау облысында бір күнде коронавирустан 8 адам қайтыс болды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында бір күнде коронавирус инфекциясынан 8 адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, өткен тәулікте қауіпті вирусқа 80 адам шалдыққан.

Оның ішінде Атырау қаласында - 48, Теңіз кен орнында - 15 науқас анықталған.

Сондай-ақ, Жылыой ауданында – 6, Құрманғазыда – 4, Қызылқоғада – 3, Махамбетте – 3, Исатай ауданында 1 адамнан коронавирустың белгісі табылып отыр.

«Өңірдегі инфекциялық стационарларда 939 науқас ем қабылдап жатыр. Мұндағы жүктеме 31,%-ды құрайды. Стационарлардың жансақтау бөлімінде 70 науқас емделуде. Оның ішінде 7 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Бұл бөлімдегі жүктеме – 56,9%. Ал, үй жағдайында емделу үшін 5 121 пациент оқшауланған. Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 8 адам қайтыс болды» -деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметінен.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атыраудағы Теңіз кен орнында былтырдан бері 10 мыңнан астам адамнан коронавирус анықталғанын хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар