Атырау облысында бір күнде коронавирустан 8 адам қайтыс болды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында бір күнде коронавирус инфекциясынан 8 адам қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, өткен тәулікте 450 адам қауіпті вирусқа шалдыққан. Оның ішінде Атырау қаласында – 247, Теңіз кен орнында 102 науқас тіркелген. Өзге науқастар 7 ауданда анықталған.

«Өңірдегі 3 012 төсек-орынға арналған инфекциялық стационарларда 1 780 науқас емделіп жатыр. Қазір мұндағы жүктеме – 59,1 пайыз. Сондай-ақ, стационарлардың 114 орынға есептелген жансақтау бөлімінде 87 науқас оқшауланды. Оның ішінде 14 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Жансақтау бөліміндегі жүктеме 87,7 пайызды құрап отыр. Өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 8 науқас қайтыс болды» -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда стационарлардың жансақтау бөлімінде жатқан 100 науқастың жағдайы ауыр екенін хабарлаған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар