+7 (701) 759 90 19
USD 425.85 EUR 499.78
RUB 5.82 CNY 65.87
Jańalyqtar

Атырау облысында бір күнде екі адам суға кетті

2021 жылғы 22 маусым 02:00
Бөлісіңіз:
Атырау облысында бір күнде екі адам суға кетті

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда бір күнде екі адам суға кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Өскеменде үйден қашқан 15 жастағы қыз бір айдан кейін Алматыдан табылды Өскеменде 3 көлік соқтығысты Риддерде жоғалып кеткен 5 жасар бала табылды

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, кеше, 20 маусымда Құрманғазы және Жылыой аудандарында екі адам белгіленбеген орында шомылып, суға батып кеткен.

«Құрманғазы ауданындағы 21 жастағы жігіт сағат 9:00 шамасында жеке көлігін жөндету үшін Шортанбай ауылындағы жұмыстасының үйіне барған. Кейін сағат 16:30 шамасында көлік жөндейтін жұмыстасымен бірге суға түсу үшін Қиғаш өзенінің жағалауына келген. Көлік иесі өзен жағалауындағы темір пирстан суға секірген. Шамалы уақыттан соң судан шықпаған жүргізушіге алаңдаған досы дереу жергілікті полиция инспекторы мен ауыл тұрғындарына хабарлап, суға батқан жігітті іздестіру жұмысын бастаған», - деді департаменттің баспасөз қызметінен.

Оқыс оқиға туралы хабар Құрманғазы ауданындағы №7 өрт сөндіру бөліміне сағат 17:15-те түскен. Ауданның жедел-құтқару жасағынан 6 қызметкер, 1 техника мен 1 жүзу қайығы жұмылдырылып, кешкі сағат 19:00-де суға батқан жігіттің денесі өзеннен шығарылған.

Сол күні Жылыой ауданында да 1983 жылы туған ер адам суға батып кеткен.

«Тұрғызба ауылында екі жігіт қой кезегіне шыққан. Күннің ыстығынан салқындау үшін 38 жастағы жігіт Жем өзеніне суға түскен. Ол суға секірген бойда батып бара жатқаны туралы айғайлап, көмек сұраған. Алайда, жағада қалған азаматтың көмектеспек болған әрекетінен нәтиже шықпаған» деп мәлім етті баспасөз қызметінен.

Бұл туралы 112 нөмірен сағат 17:20-да хабарланған. Жылыой аудандық жедел-құтқару жасағының 4 қызметкері сағат 18:03-те суға кеткен жігіттің денесін жағаға шығарған.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда суға батқан екі жасөспірім құтқарылған болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT