+7 (701) 759 90 19
USD 423.91 EUR 497.37
RUB 5.82 CNY 65.59
Jańalyqtar

Атырау облысында бір күнде 480 адам коронавирусқа шалдықты

2021 жылғы 27 шілде 17:53
Бөлісіңіз:
Атырау облысында бір күнде 480 адам коронавирусқа шалдықты

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында бір күнде коронавирус инфекциясына 480 адам шалдықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Коронавирустан жазылғандар тегін оңалтудан өту үшін не істеуі керек Коронавирус жұқтырған 226 пациенттің жағдайы өте ауыр - министрлік Қанша қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, Атырау қаласы қауіпті вирусты жұқтырудың ошағына айналып отыр.

«Өткен тәулікте Атырау қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырудың 406 жағдайы расталды. Теңіз кен орнында 45 науқас анықталды. Индер ауданында 10, Құрманғазыда – 10, Қызылқоғада – 6, Жылыойда – 1, Мақатта – 1, Махамбет ауданында 1 адамнан қауіпті вирус белгісі табылды», -деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметінен.

Қазір үй жағдайында 3 839 адам оқшауланған.

Аудандардағы инфекциялық стационарларда - 374, Теңіз кенішіндегі стационарда - 240, модульдік ауруханада - 207, ал, №2 облыстық ауруханада - 197, кардиологиялық орталықта - 106, теміржол ауруханасында - 93, фтизиопульманологиялық орталықта 87 пациент емделіп жатыр.

Еске сала кетелік, Атырауда коронавирус жұқтырғандар резервтегі жатақханаға орналастырылып жатқанын хабарлаған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT