Атырау облысында бір күнде 4 мыңға жуық адам вакцина салдырды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында бір күнде 3 611 адам қауіпті вирусқа қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, 3 шілдеде «Спутник V», «QazVac», «Нayat-Vax» вакциналарының I компонентін жергілікті 3 611 тұрғын алған.

«Екпе алғандардың қатарында 212 дәрігер, 285 педагог, 38 студент, арнайы мекемелердің 27, құқық қорғау органдарының 21 қызметкері, 61 мемлекеттік қызметші, созылмалы ауруы бар 175 адам мен 2792 жергілікті тұрғын бар. Ал, 1 ақпан-3 шілде аралығында коронавирус инфекциясына қарсы вакциналардың І компонентін 94 340 адам ектірді. Вакциналардың II компонентін 51 633 жергілікті тұрғын салдырды» -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында вакцина салдырғандар саны 90 мыңнан асқанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар