Атырау облысында бір күнде 3 769 адам вакцина алды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында бір күнде 3 769 адам вакцина алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 1 ақпан-7 шілде аралығында 104 722 атыраулық «Спутник V», «QazVac», «Hayat-Vax» вакциналарының I компонентін салдырған. Вакциналардың II компонентін алғандардың саны 56 196 адамға жеткен.

«Ал, 7 шілдеде 3 769 жергілікті тұрғын қауіпті вирусқа қарсы вакциналардың I компонентін ерікті түрде салдырды. Оның ішінде 304 педагог, 163 дәрігер, 77 студент, 51 мемлекеттік қызметші, жабық мекемелердің 32, құқық қорғау органдарының 17 қызметкері бар. Сондай-ақ, созылмалы ауруы бар 427 пациент пен 2 698 жергілікті тұрғын вакцина салдырды» -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда вакциналардың І компонентін 100 мыңнан астам адам салдырғанын хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар