Атырау облысында бір күнде 2183 адам вакцина алды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында бір күнде 2183 адам вакцина алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 1 ақпан-1 шілде аралығында 87 551 адам «Спутник V», «QazVac», «Hayat-Vax» вакциналарының I компонентін ектірген. Вакциналардың II компонентін салдырғандар 48 971 адамға жеткен.

«Ал, кеше, 1 шілдеде коронавирус инфекциясына қарсы вакциналардың I компонентін 2 183 жергілікті тұрғын салдырды. Екпе алғандардың арасында 139 дәрігер, 144 педагог, 45 студент, арнайы мекемелердің 20, құқық қорғау органдарының 14 қызметкері, 23 мемлекеттік қызметші бар. Бұларға қоса, созылмалы сырқаты бар 100 адам мен 1 710

жергілікті тұрғын вакцина алды», -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында бір күнде 1 697 адам вакцина алғанын

хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар