Атырау облысында бір күнде 1103 тұрғын вакцина алды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында бір күнде 1103 тұрғын вакцина алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 10 маусымда «Спутник V», Qazvac» және «Hayat-Vax» вакциналарының I компонентін 1103 жергілікті тұрғын салдырған.

«Екпе алғандардың қатарында 12 медицина, 2 полиция қызметкері, арнайы мекеменің 5 қызметкері, 4 мемлекеттік қызметкер, 9 құқық қорғау органдарының өкілдері, созылмалы ауруы бар 18 адам, 33 педагог, 11 студент, сондай-ақ, жергілікті 1009 тұрғын бар. Өңірде 1 ақпан-10 маусым аралығында 63 625 адам коронавирусқа қарсы вакциналардың I компонентін ектірді. Вакциналардың II компонентін 23 075 адам алды» -деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметінен.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда облысында 60 мыңнан астам адам вакцина салдырған болатын.


Соңғы жаңалықтар