+7 (701) 759 90 19
USD 423.87 EUR 505.25
RUB 5.59 CNY 64.43
Jańalyqtar

Атырау облысында бір бала мен үш ересек адам газ қопарылысынан зардап шекті

2020 жылғы 21 мамыр 13:10
Бөлісіңіз:
Атырау облысында бір бала мен үш ересек адам газ қопарылысынан зардап шекті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Атырау облысының Құрманғазы ауданында газ қоспасының қопарылысынан төрт адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

21 мамыр күні сағат 09:30-дар шамасында Құрманғазы ауылындағы жеке үйде табиғи газдың шығуы салдарынан қопарылыс болып, үйдегі заттар, жиһаз өртеніп, жалын үйдің шатыр шарпыған.

Өрт сөндірушілер күшімен 100 шаршы метр аумаққа тараған жалын сағат 10:48-де толық сөндірілді.

«Оқыс оқиға салдарынан күйік шалған төрт адам - 56 жастағы, 22 жастағы ер адам, 51 жастағы әйел және 11 жастағы бала ауруханаға жеткізілді. Өртті сөндіруге облыстық ТЖД-ның 20 қызметкері мен 3 арнайы техникасы жұмылдырылды», делінген хабарламада.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Туғанбаева

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT