Атырау облысында білім беру саласы қатаң бақылауға алынды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Облыста аталған сала бойынша тексеру жұмыстары жүргізіліп, бірқатар заң бұзушылықтар анықталды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Шара бойынша заң бұзушылықты жою туралы ұсынымға сәйкес ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және мүгедек балаларға шәкіртақы тағайындау және төлеу тәртібіне байланысты заң бұзушылық жойылып, шәкіртақы төленді.

Облыс бойынша техникалық-кәсіптік оқу орындарында жалған дипломмен жұмыс жасап жүрген 6 мұғалімнің дипломдарына байланысты тергеу-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Атырау сервис және Қ.Дүтбаева атындағы гуманитарлық колледждері бойынша бала санының кабинет сыйымдылығына сәйкес келмеуіне байланысты Атырау индустриалды колледжімен, Атырау энергетика және құрылыс колледжімен кабинеттерді уақытша өтеусіз пайдалануға келісімшарт жасалды.

Бүгінгі таңда колледждердің лицензия талаптарының сәйкессіздігіне байланысты Атырау сервис колледжінің интернетке қосылмаған информатика кабинеттері интернетке қосылды. Атырау сервис және Қ.Дүтбаева атындағы гуманитарлық колледждердің физика, химия кабинеттері, оқу, зертханалық жабдықталуы толықтырылды.

"Тексеру барысында анықталған кемшіліктерге жол берген    8 колледж директорларынан түсініктемелер алынып, барлық заң бұзушылықтар бойынша тәртіптік шара қолданылды",-дейді облыстық білім беру басқармасының басшысы Қайырғали Кенжеғалиев.      

Соңғы жаңалықтар