Атырау облысында бес мұнайлы өңірдің кәсіподақтары бас қосты

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда мұнай өндіретін бес өңірдің кәсіподақтары өткен жылды қорытындылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жиынға Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Бақытжан Әбдірайым, сонымен қатар салалық кәсіптодақтар мен әлеуметтік әріптестердің өкілдері қатысты.

Басқосуда Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарының аумақтық кәсіподақтарының жетістіктері таныстырылды.

Елбасының Жолдауындағы тұрғындардың табысын арттыру және жалақы төлеу жүйесіне қатысты бөлігі талқыланды.

«Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында еңбек саласындағы басты әлеуметтік индикатор - ең төменгі жалақы мөлшерін өзгертуді тапсырған болатын. Президент жұмысберушілерге осы өзгерісті және төмен жалақы төленетін жұмысшылардың еңбек ақысын көтеруді қолдауға шақырды. Сонымен қатар, еңбек заңнамасының талаптарының сақталуын бақылайтын және еңбек ақыны төлеу жүйесін реттейтін ұжымдық шарттардың талаптарын сақтауды қамтамасыз ету керек. Яғни жұмысшыларды жаппай босату және оларды еңбек шартынсыз пайдалануға жол берілмеуі тиіс. Осы міндеттер барлық жұмыс берушілерге қойылады», - деді облыс әкімі Нұрлан Ноғаев.

Жиында мұнайлы өңірде еңбек саласында қауіпсіздікті сақтау және қорғау бойынша жетістіктер аталып өтілді. Айта кетерлігі, 2018 жылы өндірістік жарақат алған жұмыскерлердің саны 65 пайызға, қайтыс болғандардың саны 50 пайызға төмендеді.

Автор: А. Соколов

Соңғы жаңалықтар