Атырау облысында белгісіз газбен уланған оқушылардың саны 20-ға дейін өсті

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Жұмыскер кентіндегі Тайманов атындағы орта мектепте белгісіз газбен уланған оқушылардың саны 20-ға дейін өсті. Бұл туралы облыстық балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Орынды Сиплова хабарлады.

«9-10 сыныптарда оқитын 20 оқушы емханаға жедел жәрдем бригадаларымен сағат 13:50-де жеткізілді. Барлығына «белгісіз этиологиялы улану» диагнозы қойылған. Улану себептері де анықталмай отыр. Балаларға медициналық көмек көсретілді, олардың жағдайлары тұрақты. Оқушылардың бір бөлігі кешке үйлеріне бара алады, ал бір бөлігі дәрігерлердің қарауында болуы тиіс», - деді облыстық балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Орынды Сиплова.

Атырау қаласы прокурорының орынбасары Владимир Малаховтың айтуынша, улануға әкеліп соқтырған жағдайларды тергеуге газ қызметінің мамандары, қалалық ішкі істер басқармасының тергеушілері қатысуда.

Соңғы жаңалықтар